«Қазақмыс» компаниясына тиесілі кеніште екі адам қаза тапты


27/11/2023
12:38 11708 0

Фото: Kazakhmys Holding 

 

27 қарашада «Қазақмыс» компаниясына тиесілі Жамбыл облысындағы «Жайсаң» кенішінде екі адам қаза тапты. 

 

– Тау-кен жұмыстарын жүргізу барысында Г. Омаров атындағы шахтақұрылыс трестінің 1981 және 2002 жылғы қызметкерлері жарақат алып, қайтыс болды, – делінген «Қазақмыс» баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

 

Қазіргі уақытта арнайы комиссия оқиғаның себебі мен салдарын тексеріп жатыр. 

 

Бұл соңғы бір айда «Қазақмыс» компаниясына тиесілі кеніштерде болған төртінші өлім. Бұған дейін, 6 қарашада Шығыс-Жезқазған N57 кенішінде тау-кен мастері қаза тапқан. 22 қарашада Жезқазған байыту фабрикасында бір жұмысшы қайтыс болған. 1980 жылғы қызметкерді конвейер механизмі басып қалған.

 

28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Костенко» шахтасында апат болып, салдарынан 46 кенші қаза тапқан. Бұл қоғам наразылығын туғызған. Оқиға орнына президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып, қайтыс болған кеншілердің туыстарымен кездесіп, «АрселорМиттал» компаниясымен келісімшартты бұзуға тапсырма бергенін мәлімдеген. Әзірге компаниямен келісімшарт бұзылды ма, жоқ па белгісіз.

Поделиться

Нет комментариев.

27/11/2023 12:38
11708 0

Уведомление