Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 миллиард теңге қайтарды


10/01/2024
15:33 9913 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарды. Бұл жөнінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді.

 

– Жалпы мемлекетке қайтарылған сома 912 млрд теңге. Оның 650 млрд теңгеден астам қаражатты Қайрат Сатыбалды қайтарған, – деді ол журналистерге 10 қаңтарда өткен брифингте.

 

Арман Тілеукеновтың сөзінше, Қайрат Сатыбалдыға қатысты «қылмыстық жолмен алынған кірісті жымқыру» бабы бойынша іс сотқа жіберілген. «Салықтан жалтару» бабы бойынша қозғалған іс әлі тергеліп жатыр. 

 

Қайрат Сатыбалды 2022 жылы наурызда қамауға алынған. Қыркүйекте сот шешімімен алты жылға бас бостандығынан айырылған. 

 

Былтыр желтоқсанда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалды шетелге шығарған 120 миллион доллар елге қайтарылғанын мәлімдеген. Бірақ оның қалай және қайдан қайтарылғаны жөнінде ешқандай ақпарат таратпаған. 

 

Бірқатар тәуелсіз сарапшылар мен саясаттанушылар бұрын билікте болған және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әулетіне қатыс бар адамдардың қаржысын тәркілеу және мемлекетке қайтару халыққа ешқандай пайдасын тигізбейді деп есептейді. Олар бұны ел байлығын қайта бөліске салу деген пікір айтады. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/01/2024 15:33
9913 0

Уведомление