Атырауда саяси белсенді Макс Боқай сұхбат бергені үшін сотқа тартылуда


15/01/2024
18:02 10118 0

Фото: Макс Боқайдың Facebook парақшасынан

 

Атыраулық саяси белсенді Макс Боқаевты «Polyton» бағдарламасына сұхбат беріп, Facebook желісіне жазба жазып, баспасөз мәслихатына қатысқаны үшін сотқа тартуда. Оған ӘК 669 және 480-баптары бойынша айып тағылған.

 

13 қаңтарда өткен әкімшілік сотта судья Анар Айтжанова 669-бап бойынша Макс Боқаевты кінәлі деп танып, 5 АЕК айыппұл салған. Белсенді демалыс күні болғандықтан адвокаты жоғын және іспен таныспағанын айтып, сотты кейінге қалдыруды сұраған. Бірақ судья өтінішті қанағаттандырмаған. Өз адвокатының орнына мемлекеттік адвокат берілген.  480-бап бойынша әкімшілік сот 15 қаңтарда 15:00-ге белгіленген. 

 

Макс Боқай өзінің сотқа тартылып, айыппұл салынуын әкімшілік бақылауды ұзарту мақсатында жасалып жатыр деп топшылайды. Оның сөзінше, алдағы уақытта полиция сотқа шағым түсіріп, әкімшілік бақылаудың мерзімін ұзартуды сұрамақ. 

 

– 2021 жылы сот тағайындаған әкімшілік қадағалауды жалғастырып, ұзартуға болады, ӘҚ шарттарын бұздың деп ұзартқысы келеді, менің ойым осындай, – деді ол facebook желісіндегі жазбасында.

 

2023 жылғы 22 қаңтардағы  сот шешімі бойынша, Макс Боқайқа 2024 жылдың 10 ақпанына дейін қоғамдық жұмыспен айналысуға тыйым салынып, пробациялық бақылауға алынған. 

 

Макс Боқай Талғат Аянмен бірге 2016 жылы Атырауда жерді сатуға қарсы бейбіт митинг ұйымдастырды деген айыппен 5 жылға сотталған. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары оны «ар тұтқыны» деп атап, саяси тұтқындар қатарына қосқан. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/01/2024 18:02
10118 0

Уведомление