Атырауда Қаңтар оқиғасына байланысты сот процестері басталды

Атырауда Қаңтар оқиғасына байланысты сот процестері басталды. Бірақ олардың арасында азаптау бойынша бірде-бір іс жоқ


02/09/2022
13:57 28836 0

Атырауда Қаңтар оқиғасына байланысты сот процесі басталды. Күдікті 27 адамның 22-і үйқамақта, қалған 5 адам тергеу изоляторында отыр. Осы күнге дейін бірде-бір полиция қызметкері азаптау ісі бойынша жауапқа тартылмаған. 

 

Тамыздың 31-і күні Атырауда Қаңтар оқиғасына байланысты сот процесінің алдын ала тыңдалымы өтті. Күдікті деп танылған 27 адамның екеуіне ҚР Қылмыстық Кодексінің 380 бабының 6 бөлігінің 2 тармағы (билік өкіліне күш қолдану) айыбы тағылған. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденетін болса, онда олар 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Істі судья З. Хамидуллин қарауда. Прокурор Әбілов. 

 

Естеріңізге салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде Атырау қаласындағы «Динамо» спортзалында шеруге қатысушыларды жаппай азаптау болғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен бас прокуратура бұл ақпаратты растаған. Бірақ осы уақытқа дейін азаптау бойынша қанша іс қозғалғаны белгісіз. 

Поделиться

Нет комментариев.

02/09/2022 13:57
28836 0

Уведомление