Атырау полициясы журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады

Іс бойынша тергеу жалғасуда


15/05/2023
11:25 17967 0

 Фото: @police_of_kz / Telegram

 

Атырау облысының полициясы журналист Виктор Сутягинның көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады.  11 мамырда журналист көлігін белгісіз біреудің өртеп жібергенін хабарлаған. 

 

Оқиға бойынша ҚР ҚК 202-бабының 3-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша іс қозғалған. Қазіргі тергеу жалғасуда.

 

Журналист Михаил Козачков өзінің дереккөзіне сілтеме жасап «күдікті журналистің көлігін қателесіп өртеп жіберген. Шын мәнінде ол басқа адамның көлігін өртемек болғанын» хабарлады.

 

Виктор Сутянин мемлекеттік «Қазақпарат» басылымының Атыраудағы тілшісі. Ол көлігі өртенген күні ешкімнен күдіктенбейтінін, ешқандай жауы жоғын айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

15/05/2023 11:25
17967 0

Уведомление