Ақтөбеде «өз баласын өлтірді» деген күдікті өмір бойына сотталды

Төрт жасар Данилдың денесі шұңқырдан табылған


02/08/2023
10:43 15742 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1 тамызда «төрт жасар ұлын өлтірді» деп айыпталған Артур Ахановты өмір бойына бас бостандығынан айырды. 

 

Аханов өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ол ұлы Данил Ахановтың өлімін «қайғылы жағдай» деп есептейді. Оның сөзінше, науқастанып қалған баласына төсек салып жатқанда екі бауыры Данилды құлатып алған. 

 

Сот жарыссөзінде айыптаушы прокурор Артур Ахановтың кінәсі толық дәлелденгенін айтып, оны ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша өмір бойғы түрме жазасына кесуді сұраған. 

 

Іс материалдарында Данил Ахановтың денесі 2022 жылы 30 желтоқсанда Ақтөбе шетіндегі шұңқырдан табылған, ол шыңқырды 23 желтоқсанда Артур Аханов «құрылыс қоқыстарын көмемін» деп қаздырып, сол күші кешкісін ұлының денесін көрпеге орап, көміп тастап, полицияға жоғалып кеткенін хабарлағаны жөнінде айтылған. 

 

Сот-медицина сараптамасы бас сүйегіндегі ашық жарақаттан Данил Ахуновтың миына қан құйылғанын, самай сүйегінің сынғанын анықтаған. Одан бөлек баланың кеудесі мен ішінде ауыр соққының ізі болған. Тергеу Артур Ахунов төрт жасар ұлын ауыр затпен ұрған деп санайды.

«Суық өтіп, сырқаттанып қалған бала мазасызданып жылай берген. Оны көтере алмаған әкесі Данилді ұрып-соққан» дейді айыптаушы тарап.

Қырық жастағы Артур Ахунов 2022 жылғы 30 желтоқсанда ұсталып, 2 қаңтарда сот санкциясымен қамауға алынған.  

Данил Ахунов – үшемнің бірі. Шешесі аналық құқығынан айырылған соң, балалар 2020 жылғы қараша мен 2022 жылғы қараша аралығында Ақтөбедегі «Үміт» жетімдер үйінде өскен. Балалардың әкесі заңды өкілі ретінде құжат әзірлеп, 2022 жылғы қарашада үшемді жетімдер үйінен алып кеткен. Данилдің өлімінен соң оның екі бауыры қайтадан жетімдер үйіне оралған.

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/08/2023 10:43
15742 0

Уведомление