Қаңтарда оққа ұшқан марқұмдарды ақтауды талап етіп, Ақордаға барған адамдарды полиция ұстады


15/01/2024
14:10 9876 0

Фото: Азаттық радиосы

 

15 қаңтарда Ақорда алдына барып, Қанды Қаңтарда оққа ұшып, қаза тапқан балалары мен жақындарын ақтауды талап етіп, әділдік сұраған онға жуық адамды полиция алып кетті. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады. 

 

Басылым мәліметінше, алғашында жиналғандарға әкімдік өкілі келіп, «рұқсат етілмеген жиын өткізуге болмайтыны» ескерткен. Осыдан кейін Алматы, Тараз және Шымкент қалаларынан келген адамдар Ақордаға қарай жылжығанда полиция ұстап, көлікке күштеп отырғызған. Ұсталғандар арасында бір әйел «Қаңтарда Тоқаев неге атуға бұйрық берді» деп айқайлаған. 

 

Марқұмдардың туыстары 5 қаңтар – ел бойынша аза тұту күні болуы тиіс екенін айтқан. Олардың сөзінше, билік Қаңтар құрбандарын тиісті дәрежеде атап өтпеген. 

 

Ақорда алдына барғандар бұған дейін жергілікті құзырлы органдарға барған. Бірақ ешқандай мардымды жасап ала алмаған. Олар марқұм болған жақындарына шыққан сот үкімі әділетсіз деп есептейді. 

 

Ұсталғандардың арасында Қаңтарда ұлы оққа ұшып, қаза тапқан Думан Қанатбектің әкесі Әкімбек Қалдыбеков те бар. Ол Астанаға осымен 11-ші рет барған. Бірақ бұл жолы да Ақордадан мардымды жауап ала алмаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

15/01/2024 14:10
9876 0

Уведомление