Қаңтар оқиғасына байланысты 255 іс сотқа жіберілді

Қаңтар оқиғасына байланысты 255 іс сотқа жіберілді


19/04/2022
14:09 34005 0

Қаңтар оқиғасына байланысты 255 іс сотқа жіберілді. Бұл жөнінде ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді. 

 

—Тергеу органдарының жедел әрі сапалы жұмысының нәтижесінде айыптау актісімен сотқа 402 күдіктінің 255 ісі жіберілді, — деді Әділов брифингте. 

 

Оның сөзінше, істердің басым көпшілігі Алматы және Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында қаралған. 

 

—Бұл істер бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеу 95 миллион теңгені құрады. Ол полиция қызметкерлерінің ұрланған заттарды тауып, қайтарып беруі мен айыпталушылардың жасаған қылмысының орнын толтыру негізінде жүзеге асты. Полиция қызметкерлері жұмысының нәтижесінде Алматы қаласында — 65 млн, Алматы облысында — 16 млн,  Жамбыл облысында — 3 млн теңге өтемақы төленді, — деді Әділов.  

Поделиться

Нет комментариев.

19/04/2022 14:09
34005 0

Уведомление