Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың аты-жөнін жариялауды талап ететін петиция ұйымдастырылды

Авторлар үкіметтен жапа шеккендердің отбасына көмектесуді де талап етті


16/01/2022
18:50 37745 0

Фото: instagram.com/accio_adventure

 

Журналист әрі азаматтық белсенділер Әсем Жәпішева мен Бэлла Орынбет Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың аты-жөнін жариялауды талап етіп, петиция ұйымдастырды. Авторлар әрі үкіметтен жапа шеккендердің отбасына көмек беруді талап етті. 

 

«Қаңтардағы қайғылы оқиға барысында, ресми ақпарат бойынша, әскери қызметкерлермен қоса, бейбіт халық тарапынан 225 адам қаза тапты. Біз, Қазақстан халқы, осы ауыр күндерде ел басына түскен қайғыны бөліскіміз келеді. Бірақ 225 цифрды емес, 225 қаза тапқан адамды жоқтап, қайғы жұтқан отбасының қасіретін бөлісіп, көмектескіміз келеді. 

 

Осыған байланысты аласапыран қаңтар күндері қаза тапқан 225 адамның және із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың аты-жөнін жариялауыңызды талап етеміз. Бұл цифр көбеюі әбден мүмкін, себебі қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен, ауруханада хал үстінде жатқан адамдар есепке кірген жоқ.  Сондықтан 225 саны биліктің жария еткен қатып қалған статистикасына айналмауы керек. "Біз біргеміз" миссиясы құр ұран түрінде қалмауға тиіс, сондықтан «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қаражаты есебінен осы қаза тапқан бейбіт тұрғындардың отбасыларына материалдық көмек аударуды талап етеміз».

 

Петицияға қол қоям десеңіз, сілтемесі мына жерде. 

 

Еске салайық, 15 қаңтарда Бас прокуратура оқиға кезінде 225 адам қаза тапқанын, оның 19-ы — әскерилер екенін айтты. 4,5 мыңдай адам зардап шеккен. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/01/2022 18:50
37745 0

Уведомление