Қаңтар оқиғасы: Алматыда төрт адамға алты жыл түрме жазасы берілді

Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты сот процестері өтіп жатыр


25/05/2022
10:42 33485 0

Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған төрт адамға алты жыл түрме жазасы берілді. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Сотталған төрт адамның төртеуі де «тонау» бабының 3 – тармағы бойынша сотталған. Қылмыс төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан жаза ауырлаған. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. 

 

16 – 20 мамыр аралығында Алматының қылмыстық соттарында 11 үкім шыққан. 17 адам бас бостандығынан айырылған. 9 іс «ұрлық» бабы бойынша қаралып, онда 15 адамның ісі қаралған. 

 

Биліктің мәліметінше, Қаңтар оқиғасы кезінде және кейін ұсталған азаматтардан азаптау бойынша 200 арыз келіп түскен. Шағымдар бойынша қылмыстық істер қозғалған. Әзірге күштік құрылымдардың бас – аяғы 11 қызметкері күдікті ретінде танылған. 

 

Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам көз жұмған. Оның ішінде 8 адам «тергеудің заңға қайшы әрекеті» салдарынан қайтыс болған. 

 

Human Rights Watch халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстан билігін Қаңтар оқиғасын әділ тексеруге,  тәуелсіз орган құрып, оның құрамына халықаралық ұйым өкілдерін кіргізуге шақырған. 

 

Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасын шетелдік сарапшылардың қатысуымен тексеру ұсынысын қабылдамады. 

Поделиться

Нет комментариев.

25/05/2022 10:42
33485 0

Уведомление