Қаңтар бойынша 16 жылға сотталған Жұмановтың ісі Жоғары сотта қаралатын болды

Жамбыл облыстық соты оның үкімін өзгеріссіз қалдырған


03/10/2023
12:59 14009 0

Фото: Есдәулет Қызырбекұлы/masa media

Қанды Қаңтар бойынша 16 жылға сотталған Ербол Жұмановтың ісі Жоғары сотта қаралатын болды. Бұл жөнінде оның қорғаушысы Жалғас Сапарханова әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Адвокаттың сөзінше, Жоғары сот әкімшілігінен Ербол Жұмановты ісі қаралатыны жөнінде хабар келген. Алдын-ала тыңдау 1қазанға белгіленген. 

Тамыз айында Жамбыл облыстық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «ҰҚК подполковнигі Дастан Әділбайды өлтірді», «қару-жарақ ұрлады және сақтады» деп айыпталған Ербол Жұмановтың үкімін өзгеріссіз қалдырған. Тараз қалалық соты оны 16 жылға бас бостандығынан айырған. 

 

Оқи отырыңыз: Қанды Қаңтар: Апелляциялық сот 16 жылға сотталған Жұмановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды


 

Сотта Ербол Жұманов өзіне тағылған айыпты ішінара мойындаған. Ол қару-жарақ алғанын растап, Дастан Әділбайды өлтірмегенін айтқан. 

Қаңтар бойынша бұл істе Ербол Жұмановтан өзге сегіз адам жауапқа тартылған. Атап айтқанда, Нұрахан Махатов – 6 жылға, Айбол Сағынтай мен Жақсылық Абдуллаев 5 жылға бостандығынан айырылған. Іс бойынша сотқа тартылған өзге бес адам – Қанат Нұраханұлы, Ермахан Сайлауов, Дәурен Нұрәлиев, Досмұхаммед Садықов пен Саламат Қосанов рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босап шыққан.

Поделиться

Нет комментариев.

03/10/2023 12:59
14009 0

Уведомление