Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен кездесті. Тараптар бірнеше келісімге қол қойды

Қазақстан президенті Қытайға іссапармен барды


17/10/2023
12:35 13445 0

Фото: Ақорда

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге іссапармен барып, Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесті. Тоқаев Қытайға Си Цзиньпиннің шақыруымен «Бір белдеу, бір жол» ІІІ халықаралық ынтымақтастық форумына барған. 

 

Ақорданың жазуынша, кездесу барысында Қытай билігі Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын және «Тоқаевтың реформаларын» толық қолдайтынын атап өткен.

 

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» жобасының жүзеге асуымен құттықтаған. 

 

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығы, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің дамуы жөнінде сөйлескен. Кездесуден соң Қазақстан мен Қытай делегациясы бірқатар құжатқа қол қойған. Олардың арасында:  

 

·  Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

 

·  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;

 

·  Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы «Тачэн – Аягөз» теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

 

·  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;

 

·  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама.

 

 

Қазақстан билігі Қытаймен қандай да бір келісімге қол қоятын болса ол қоғамда қарсылық туғызады. Азаматтық қоғам өкілдері мен белсенділер бұған дейін Қытаймен жасалған «визасыз режим енгізу», «азаматтардың мәліметтерімен алмасу» сияқты келісімдерге қарсы шыққан. Бірақ соған қарамастан билік оны қабылдаған. «Қытай экспанциясына қарсылық», «Қытай саяси үйрену лагерьлеріндегі этникалық қазақтар мәселесі» Қазақстанда өтетін митингтерде ауық-ауық айтылып тұрады. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/10/2023 12:35
13445 0

Уведомление