Астана полициясы Кіші Талдыкөлді сақтап қалу үшін перформанс өткізген суретші Асхат Ахмедияровты ұстады

Бір сағаттан кейін босатқан


14/09/2021
12:04 40209 0

Фото: Әйгерім Қағарман

 

14 қыркүйекте Астана (Нұр-Сұлтан) полициясы тұрғын үй кешені салынып жатқан Кіші Талдыкөл көлдер тобын сақтап қалу үшін күресіп жүрген суретші Асхат Ахмедияров пен бірнеше белсендіні ұстады. Мұны Ахмедияров Facebook-те хабарлады. 

 

Оның сөзінше, құрылыс иесі белсенділердің үстінен шағым жазған.  

Суретшінің ағасы әрі журналист Лұқпан Ахмедияров қанша белсенді ұсталғаны белгісіз екенін айтады.  

Полиция Асхат Ахмедияровты бір сағаттан аса ұстаған, адвокаты келген бойда босатқан. «Еркіндік қанаты» ұстау туралы хаттама берілмеген дейді. 

7 қыркүйекте құрылыс жүріп жатқан жерде Асхат Ахмедияров пен Әйгерім Оспан Кіші Талдыкөлді қорғап Baqsy Saryny деген перформанс өткізді. Ахмедияров бақсы сияқты киініп, көлді көмбек болған көліктерді тоқтатты, ал Оспан бульдозердің алдында отырып қобыз тартты. Мына жерден наразылық туралы толығырақ оқи аласыз. 

Астана белсенділері бір жыл бойы құрылыс үшін көміліп жатқан Кіші Талдыкөл көлдер жүйесін құтқару үшін қала әкімдігіне қарсы шығып жүр. Олар құрылыс сол жердің экожүйесіне зиян дейді.

 


 

Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз. 

 


 

Поделиться

Нет комментариев.

14/09/2021 12:04
40209 0

Уведомление