Қашқын генерал Қазақстанға жеткізілді

Серік Күдебаев ұсталды


27/04/2023
11:04 18863 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қаңтар оқиғасы бойынша істі болып, Түркияға қашып кеткен генерал-майор Серік Күдебаев Қазақстанға жеткізілді. Бұл жөнінде бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. 

 

– Күдебаев Түркиядан Қазақстанға жеткізілді. Қай қалаға әкелінгенін қазір айта алмаймын. Ұсталғанын білемін, – деді Асылов.

 

Бұған дейін БАҚ-та Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені жөнінде ақпарат тараған. 

 

Серік Күдебаев 3 сәуірде сот отырысына келмей қойған. Кейіннен оның Қырғызстан арқылы Түркияға қашып кеткені белгілі болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның шекараны тау арқылы заңсыз кесіп өткенін хабарлаған. 

 

Серік Күдебаевтың үстінен Қаңтар оқиғасы бойынша ҚР ҚК 362-бабы (қызмет өкілеттігін асыра пайдалану) және 146-баптары (азаптау) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұған дейін үш бірдей сот отырысына денсаулығана байланысты келе алмағандығы айтылған. Ол бүгінгі сотта соңғы сөзін айту керек болған. 

Прокурорлар судьядан Күдебаевты кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасына дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бір болған. Бұған дейін Қаңтар оқиғасы басталған уақытта Күдебаевқа тікелей бағынатын арнайы жасақ сарбаздары Алматы маңында демалып жатқан Назарбаевты күзеткен деген ақпарат тараған. 

Поделиться

Нет комментариев.

27/04/2023 11:04
18863 0

Уведомление