Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Экс-министр 7 миллиард жымқырды деген күдікке ілінген


21/12/2022
11:23 23449 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл жөнінде Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлын күзетпен қамауда ұстау мерзімін 1 айға ұзартты. 

 

– 2022 жылдың 20 желтоқсанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты, – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың 2мамырында сот санкциясымен ұсталған. Ол сол уақытта Ұлттық музей директоры лауазымында болған. Тамыз айында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мұхамедиұлына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 7 миллиард теңгені құрағанын мәлімдеген. 

 

– Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр,  делінген сол уақытта агенттік таратқан хабарламада.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/12/2022 11:23
23449 0

Уведомление