«АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты


04/11/2022
14:30 25629 0

Қарағанды дәрігерлері «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында болған жарылыстан зардап шеккен төрт адамның жағдайын айтты. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады. 

 

3 қараша түнде компанияның Шахтинск қаласында орналасқан Ленин атындағы шахтасында метан газы тарап, жарылысқа себеп болған. Апаттан бес адам қаза тауып, төрт кісі ауруханаға түскен еді: олар газдан уланған, басы мен денесі жарақаттанған.

 

 Токсикология бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы тұрақты, біршама оң өзгеріс бар. Санавиациямен жеткізілген, операция жасалған науқастар оңалып келеді. Олар реанимация бөлімінде жатыр, ес-түсін біледі, жасанды тыныс беру аппаратынан ажыратылған. Қазіргі кезде жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, – деді Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалық аурухана директорының орынбасары Талғат Жүкен.

 

3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада жарылыс болып, бес адам қаза тапқан. Бұл кен орнында болған алғашқы жарылыс емес. Бұған дейін болған апаттардан жетпістен астам адам көз жұмған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

04/11/2022 14:30
25629 0

Уведомление