«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында жарылыстан бес адам қаза тапты


03/11/2022
11:49 25671 0

«АрселорМиттал Теміртау»  шахтасында апаттан бес адам қаза тапты. Бұл жөнінде Төтенше жағдай министрлігі хабарлады. 

 

Министрлік мәліметінше, 3 қарашада шамамен түнгі сағат үште Шахтинск қаласында газ кәрізі ұңғымасын бұрғылау кезінде метан газы шығып, жарылыс болған. Оқиға орнынан 106 шахтер эвакуацияланған. 

 

3 қараша күні таңертең компания әкімшілігі Ленин атындағы шахтада жарылыс болғанын хабарлады. 

 

– Құтқарушылар сол жерде жұмыс істеп жатыр. Дәл қазіргі сәттегі дерек бойынша, бес әріптесіміз мерт болғанын растай аламыз. Зардап шеккен әріптестеріміз ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр. Апат салдарын жою қызметтері және билік орындарымен бірге жедел шаралар атқарып жатырмыз. Әріптестеріміздің отбасыларына дереу көмек көрсетіп жатырмыз. Мүмкіндік болған сәтте толығырақ ақпарат беретін боламыз делінген компания таратқан хабарламада. 

 

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарылыстан зардап шеккен төрт адам метан газына уланып, түрлі дене жарақатын алғанын мәлімдеді. 

 

Қарағанды облысының полициясы «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты деп хабарлады Ақорда. Президент үкімет пен Қарағанды облысы әкіміне «апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды, қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді» тапсырған.

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

03/11/2022 11:49
25671 0

Уведомление