Арон Атабек ауруханада жатыр

Жатқанына бір апта болған


28/09/2021
15:10 39958 0

Фото: vlast.kz

 

Саяси тұтқын саналатын Арон Атабек ауруханада жатыр. Мұны құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады

 

 — Ол бұған дейін емделуге үзілді-кесілді қарсы болып келген. Оған «Ауруханаға жатпасаңыз, сал боласыз, өмір бойы арбаға таңыласыз» деп қатаңырақ ескерткенмін. «Тым болмағанда, аяқ-қолға қарапайым массаж жасату үшін барыңыз» дегенмін. Қазір сәл кішкене қозғалыс бар сияқты. Толық тексеруден өтіп жатыр. Негізінен дәрумен ішеді. Тексеруден өтіп, анализдерін тапсырғаннан кейін қандай да бір ем көрсететін шығар, — дейді құқық қорғаушы Елена Сёменова «Азаттық радиосына». 

 

Оның сөзіне қарағанда тұтқын ауруханада жатқанына бір апта болған. Айыққаннан кейін түрмеге оралады. 

 

Журналистер мән-жайды білмек болып Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне хабарласқан екен. Ондағылар жауап бермеген. 

 

Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 18 жылға сотталған еді. Құқық қорғаушылар оны кінәсіз, саяси тұтқын дейді. 

 

Жуырда Бақытжан Төреғожина бастаған құқық қорғаушылар оған рақымшылық жариялансын деп президентке хат жолдады. Ол хатқа бес күнде 2,5 мың адам қол қойды

 

Арон Атабек кім, Шаңырақ оқиғасы не екенін мына жерден, ал саяси тұтқынның жай тұтқыннан не айырмашылығы барын мына жерден біліңіз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/09/2021 15:10
39958 0

Уведомление