Армения премьер-министрі ҰҚШҰ декларациясына қол қоюдан бас тартты

Никол Пашинян Армения бір түнде Алматыға әскер жіберіп, қаланы құтқаруға көмектескенін айтты


25/11/2022
10:47 25057 0

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ саммитінің қорытынды туралы декларацияға қол қоюдан бас тартты. 

 

Ол қол қоюдан бас тарту себебін ҰҚШҰ тарапының «Әзірбайжан мемлекетінің Арменияның аумақтық тұтастығына қарсы агрессиясын саяси тұрғыда дер кезінде нақты бағаламағанымен» түсіндірді.

 

Пашинян Армения – Әзірбайжан қақтығысында ҰҚШҰ – ның Ереванды қолдамағанын сынады. 

 

Оның сөзінше, Қазақстанда Қаңтар оқиғасы болған кезде Армения бір түнде Алматыға әскер жіберіп, қаланы құтқаруға көмектескен. Ол «Әзербайжан тарапынан болған шабуылға» ҰҚШҰ ешқандай реакция танытпағанын алға тартты.

 

ҰҚШҰ-ға Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан мүше. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/11/2022 10:47
25057 0

Уведомление