Қарағандыда пара алған судья 9 жылға қамалды

Ал оған ақша берген заңгер үш жылға сотталды


11/08/2021
10:48 40768 0

Фото: BitNovosti.com

 

10 тамызда сот Қарағанды облысы ауданаралық экономикалық соттың судьясы Ержан Ғабдуллинді пара алды деп тоғыз жылға, оған ақша берген заңгер Елена Кантер-Скрипкинаны үш жылға қамады. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлайды. 

 

Судья алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі, ал заңгер пара бермек болды деп айыпталған. Айыптау дерегіне сенсек, Кантер-Скрипкина Ғабдуллинге 10 мың еуро мен 3 миллион теңге пара берген. Судьяның үйін тінткенде тәркіленген бұл ақша мемлекет есебіне берілмек. 

 

Елена Кантер-Скрипкина — мемлекеттік сатып алу нәтижесін даулаған «Оливия» компаниясының заңгері. Басқа судья қарап жатқан істе жеңіске жету үшін судья Ғабдуллинге ақша ұсынған. 

 

Заңгер кінәсін мойындап, кешірім сұраған, ал Ғабдуллин терістеген. Ол ақшаны Кантер-Скрипкина «мазалап қоңырау шала бермесін» деп алдым дейді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/08/2021 10:48
40768 0

Уведомление