Қарағандыда карантинде той жасаған шенеунік жұмыстан қуылды

Оған және тойхана иесіне айыппұл салынған


09/08/2021
11:41 41242 0

Фото: tengrinews.kz

 

Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының жетекшісі Қалел Мақсұтов карантинде той жасағаны үшін жұмыстан қуылды. Мұны «Азаттық радиосы» облыс әкімдігінің сайтына сілтеп хабарлайды. 

 

«Бүгіннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов карантинді өрескел бұзғаны, яғни пандемия кезінде той ұйымдастырғаны үшін қызметінен босатылды. Тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтардың жазасы өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметтегі этикасының барлық нормасы бұзылған», — деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппарат отырысында.

 

Полиция бұрынғы шенеунік ұйымдастырған тойға 350 адам қатысқан дейді. Мақсұтов пен тойхана иесіне айыппұл салынған. 

 

Қарағанды облысында күнде мыңнан аса адамнан коронавирус анықталып жатыр. Өңір қанық қызыл аймақта тұр.

Поделиться

Нет комментариев.

09/08/2021 11:41
41242 0

Уведомление