Ақорда: Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекет құруға ниетті емес

Тоқаев бұған дейін Ресей мен Беларусь одағы туралы айтқан еді


26/05/2023
12:21 18400 0

Фото: Ақорда

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕАЭО форумында Ресей мен Беларусь елдерінің одақтастығы жөнінде сөйлеген сөзінен кейін 26 мамырда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеме жасады. Онда ол Қазақстанның одақтас мемлекет құруға ниетті емес екені айтылды. 

 

– Бүгінде ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты.  Бұл – ерекше прецедент. Мемлекет басшысының пайымынша,  шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды. Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ,– деді Руслан Желдібай. 

 

24 мамырда Мәскеу қаласында өткен Еуразия экономика форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Ресей мен Беларусь одақтастығы мен ЕАЭО-ға мүше өзге елдердің қарым-қатынасын салыстырған. 

 

Оның бұл сөзі әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланған. Сарапшылардың бір бөлігі Тоқаев ұлттық мүддені көрсетпеді десе, енді бірі керсінше ол Ресей мен Беларуське салқын қабақтық танытты деген пікір айтқан. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/05/2023 12:21
18400 0

Уведомление