Қанды Қаңтарда «Шал, кет!» деп айқайлап, істі болған Әділет Мусин сот залынан босап шықты

Бірақ сот оның үкімін өзгеріссіз қалдырды


08/09/2023
15:39 14578 0

 

8 қыркүйекте Қаңтар оқиғасы кезінде «билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға шақырды» деп айыпталып, 9 айға қамалған Әділет Мусиннің үкімін Алматы қалалық соты өзгеріссіз қалдырды. Бірақ оның қамау мерзімі аяқталғандықтар сот залынан босатылды. 

 

27 шілдеде Алматы қаласының Бостандық аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотында судья Азамат Абдраимов 38 жастағы Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

 

Оған ҚР ҚК 272-бабының 2 және 3-бөліктері «жаппай тәртіпсіздікке қатысу және шақыру» бойынша айып тағылған. 

 

Әділет Мусин соңғы сөзінде ешкімді жаппай тәртіпсіздікке шақырмағанын, Қаңтар оқиғасы – халықтың жан айқайы екенін айтқан. 

 

– Мен жалғыз өзім шықтым. Ешкімді шақырған жоқпын. Мен елде болып жатқан оқиғаларға бейжай қарай алмаймын. Сол себепті шықтым. Қаңтар – халықтың жанайқайы. Олар елде болып жатқан бассыздыққа қарсы шықты. Біз Forbes-ты ашып қарасақ, барлығында Назарбаевтар. Барлық жерде монополия. Мен өзім осымен соқтығыстым. Назарбаевтың күйеу баласы Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетіне келіп, барлық жерге өз адамдарын қойды, – деген Мусин. 

 

Әділет Мусин қамауда отырған кезде 42 жастағы ағасы қайтыс болып, әкесі қант диабетімен ауырып қалған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

08/09/2023 15:39
14578 0

Уведомление