Қанды қаңтарда көз жұмған 188 адамның аты-жөні белгілі болды

Азаттық радиосы Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 188 адамның аты-жөні жариялады


01/06/2022
17:42 33526 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Бүгін Алматыда «Азаттық» радиосы Қанды қаңтар оқиғасында қаза тапқан адамдардың аты-жөнін жариялап, арнайы жоба тыныстырылымын өткізді. 

 

Басылым осы уақытқа дейін Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 188 адамның аты-жөнін анықтаған. Оның ішінде 10 әйел адам, 178 ер адам бар (ресми дерек бойынша 238 адам көз жұмған). Қаза тапқандардың барлығы дерлік қаңтардың 4-і мен 9-ы күндері аралығында қайтыс болған. 

 

Жиынға журналист, құқық қорғаушы, мәдениет және әдебиет, қаңтар оқиғасында азапталған азаматтар мен қаза тапқан адамдардың туыстары қатысты. 

 

Жиын барысында Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Меделхан сөз сөйледі. Онда ол бес айдан бері істің дұрыс жүрмей жатқанын айтты. 

 

— Бес айдан бері іс дұрыс тергелмеді. Күдіктілер анықталмады. Жаңа тергеуші тағайындалды. Енді істі қалай тергейтінін көреміз, — деді Меделхан.

 

Адам құқығы жөніндегі халықаралық бюросы жетекшісі Евгений Жовтис Қаңтар оқиғасында Жаңаөзенде болған жағдай айна-қатесіз қайталанып отыр дейді. Оның сөзінше, оқ атып, азаптағандар өзін жазасыз қалғандай сезінуде. 

 

— Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ атуға кім бұйрық бергенін анықтау талабы болды. Видео болса да, бейбіт адамдарды кім өлтіргені аталмады. Қаңтар оқиғасында да осы қайталанып отыр. Ең қорқыныштысы — оқ атқандар, азаптағандар өзін жазасыз қалғандай сезінеді. Қаңтар құпиясы ашылуы керек. Кінәлі адамдар жазасын алуы керек, — деді Жовтис.

 

«Ар.Рух.Хақ» құқық қорғау ұйымының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиген кейбір адамдардың туыстары олардың ауруханаға алып барудан қорыққан. Салдарынан кейбірі медициналық көмек алмағандықтан қайтыс болған.

 

— Қаңтар оқиғасы кезінде жараланған кейбір азаматтардың туыстары полиция қудалауынан қорқып, жақындарын ауруханаға апармаған. Сөйтіп кейбірі медициналық көмек болмауынан қаза тапты. Қазір бірнеше өңірде оқ тиіп опат болғандардың туыстарына құқық қорғау органдары қысым көрсетіп не құпия келісімге келіп, істерді жауып жатыр. Қаңтар оқиғасы бойынша істер сұраусыз жоғалып кетпеуге тиіс. Құрбандар тарихта қалады, — деді Төреғожина.

 

Поделиться

Нет комментариев.

01/06/2022 17:42
33526 0

Уведомление