Қанды Қаңтар оқиғасы: Алматыда ҰҚКД бұрынғы басшысы сотталды

Сот процесінің қалай өткені белгісіз


25/04/2023
12:25 18770 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжілов 6 жылға сотталды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде билік және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. 

 

Алматы аудандық соты Мәжіловті ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. 

 

Бұған қоса, ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқаруға тыйым салды. 

 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Кеше, 24 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған. Сот үкіміне сай, дүние-мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынған. 

 

Мәсімовке «мемлекетке опасыздық жасады»«билікті күшпен басып алмақ болды»«билікті немесе лауазымдық өкілетті асыра пайдаланды» деген айып тағылған.

 

Мәсімовпен қатар оның орынбасарлары – Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға сотталды. Үшеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

 

 

Соттың қалай өткені белгісіз. Процеске журналистер, қоғамдық бақылаушылар қатыстырылған жоқ. Құзырлы органдар бұны істің «аса құпия» статусына байланысты қабылданған шешім деп түсіндірді. 

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының барлығы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған. Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан. 1мыңға жуық адам ұсталып, оның 70%азапталған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/04/2023 12:25
18770 0

Уведомление