Қанды қаңтар. Алматы облысында 11 адам ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды


05/04/2022
12:39 35409 0

Алматы облысында қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күтікпен 11 адам ұсталды.  

 

— Алматы облысының полициясы ҰҚК қызметкерлерімен бірге қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген күдікпен 11 адамды ұстады. Ұсталғандардан бұған дейін күштік құрылымдардан тартып алынған қару-жарақ, оқ-дәрі және қорғаныс құралдары тәркіленді, — делінген ІІМ таратқан мәлімдемеде.

 

Бұдан бөлек, мәлімдемеде ұсталған күдіктілердің 20 мен 39 жас аралығындағы азаматтар екендігі, барлығының әкімшілік ғимараттар мен әскерге шабуыл жасағаны бейнеленген видеолары бар екендігі айтылған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/04/2022 12:39
35409 0

Уведомление