Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің үйінде тінту жүріп жатыр

Оның үстінен «экстремизмді қаржыландыру» бабы бойынша іс қозғалған


09/06/2023
18:11 17291 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, тінту Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен ҚР ҚК 258-бабының 1-бөлігі «экстремизмді қаржыландыру» бойынша қозғалған іс аясында жүргізілген. Ол «қорғалуға құқығы бар куәгер» деп танылған. Бірақ іс жүзінде жағдай мүлде басқаша болып жатыр. 

 

Бұған дейін Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен ҚК 405- бабы «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» бойынша іс қозғалған болатын. Ол 28 мамырда «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 25 тәулікке қамалған. Бұл оның 19 наурызда өткен парламент сайлауынан бері төртінші рет қамалуы. Бұған дейін бір рет 15 тәулікке, екі рет 2тәулікке қамалған. 

 

Журналист он күннен бері изоляторда сот шешіміне қарсы аштық жариялап жатыр. Бұған дейін журналистің әкесі Алмаз Тілепов ұлын қолдап, Іле аудандық прокуратурасының алдында аштық жариялаған. Бірақ денсаулығына байланысты аштықты тоқтатуға мәжбүр болған. 

 

«Не дейді?» You Tube арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім билікті қатаң сынайды. Ол 19 наурызда өткен парламент мәжілісі сайлауында өзін-өзі ұсынып, өтпей қалған. 

Поделиться

Нет комментариев.

09/06/2023 18:11
17291 0

Уведомление