Қамаудағы Кәрім Мәсімовтің ешқандай шағымы жоқ
ҰҚК бұрынғы төрағасының жағдайы жақсы
Қамаудағы Кәрім Мәсімовтің ешқандай шағымы жоқ. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
—Тергеу изоляторында Мәсімов. К. К ҚР заңнамасына сәйкес, материалды – тұрмыстық, медицина – санитарлық қызметтер алуда. Одан қандай да бір шағым түскен жоқ, —делінген ҰҚК таратқан мәлімдемеде.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Кәрім Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны жөнінде ақпарат тараған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс төрағасы қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған. Оған «мемлекетке сатқындық жасау», «билікті күшпен басып алуға әрекет ету» айыптары тағылған.
Нет комментариев.