Алматыдағы лай көшкіні: Жоғалған төрт адамның да мәйіті табылды

Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, лай көшкіні болған аймақта жоғалған төрт адамның да мәйіті табылған.
– Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты, – делінген ТЖМ таратқан мәлімдемеде.
8 ақпан түнгі сағат 2:20 шамасында Алматының Медеу ауданындағы «Тау-Самал» ықшамауданында лай жылжып, екі жеке тұрғын үй қираған.
Оқиға орнына барған әкім Ерболат Досаев ақпарат құралдарына бір үйді лай басып қалғанын, онда көршілерінің сөзінше төрт адам тұрғанын айтқан.

Нет комментариев.