Алматыдағы лай көшкіні: Бір адамның мәйіті табылды

Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, апат болған аймақтан 2007 жылғы ер баланың мәйіті табылған.
– Топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы лайдың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды, – делінген ТЖМ мәлімдемесінде.
Қазір оқиға орнында іздестіру жұмыстары жалғасуда. Полиция аумақты қоршауға алған.
8 ақпан түнгі сағат 2:20 шамасында Алматының Медеу ауданындағы «Тау-Самал» ықшамауданында лай жылжып, екі жеке тұрғын үйді қираған.
Оқиға орнына барған әкім Ерболат Досаев ақпарат құралдарына бір үйді лай басып қалғанын, онда көршілерінің сөзінше төрт адам тұрғанын айтты.

Нет комментариев.