Алматыда «жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңның орындалмауына қарсы митинг өтті

«Жануарларды өлтіруді тоқтатыңдар!» деген ұрандар айтылды


15/05/2023
10:54 18196 0

 

14 мамырда «Сарыарқа» кинотеатрының артында өткен шараға 400-ге жуық адам қатысты. Кей тұрғындар шараға үй жануарларын әкелді. Әдетте митингілерді бақылайтын әкімдік пен полиция өкілдері бұл жолы шарада көрінбеді.

 

Митингіні ұйымдастырушы, Kare жануарларды қорғау қорының жетекшісі Юлия Коваленконың айтуынша, шенеуніктер президенттің сөзін дұрыс түсіндірмей, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңды орындамайды. 

– Президент «үйсіз қалған жануарларға шара қолдану» керектігін айтты. Менің түсінуімше, ол заң аясында жұмыс істеңдер деп айтып отыр. Жануарлардың мәселелерін шешуі тиіс заң аясында жүзеге асырылатын шаралар бар. Шенеуніктердің оны өзінше түсініп, заңды бұрмалауы бұл қылмыстық жауапкершілік. Неге оларды жауапқа тартпайды? Жануарларды әлі атып жүрген адамдар неге жазасыз қалады? Мұнда оны айғайлап айту керек, – деді Коваленко.

Митинг бір сағаттан астам уақытқа созылды. Онда «Заң жұмыс істеуі тиіс, жануарларды атқандар түрмеде отыруы керек!»«Жануарларды аулауды тоқтатыңдар!»«Қазақстанда қатігездікке жол жоқ!»«Ит - жеті қазынаның бірі»«Жемқорлыққа жол жоқ!»«Жануарларды өлтіруді тоқтатыңдар!» деген ұрандар айтылды.

Сәуір айының ортасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған отырыста «үйсіз қалған иттер мәселесін» шешуге үндеген. Ол сол кезде «барлық облыстан үйсіз иттерге қатысты шағым түсіп жатқанын және биліктің заңды алға тартып онымен айналыспай отырғанын» мәлімдеген.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/05/2023 10:54
18196 0

Уведомление