Алматыда "Мұқалмас" бақылаушысын полиция бөлімшесіне алып кеткен

Президент сайлауы бастала сала тәуелсіз бақылаушылар қысым көріп жатқандарын айтуда


20/11/2022
08:25 24920 0

Алматыда "Мұқалмас" бақылаушысын полиция бөлімшесіне алып кеткен. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы бақылаушы Қонай Әбдиевке сілтеме жасап хабарлады.

– Өзім бақылайтын N336 учаскеге бақылаушы ретінде жолға шыққанмын. Екінші Алматыдағы вокзалға. Міне, полиция қызметкерлері мені бөлімшеге апара жатыр, – деді Қонай Әбдиев.

Бақылаушының әйелі Рая Көккозованың айтуынша, 20 қарашада таңертеңгі саға 4-тен кете бере үйлерінен шыққан кезде полиция қызметкерлері тосып алған.

– Полиция қызметкерлері екінші Алматыдағы бақылау учаскесіне апарып тастаймыз деп алдады. Мен қорқып, бірге шыққанмын. Аялдаманың жанына барған кезде басқа машина ауыстырды. Сүйтіп жолда кетіп бара жатыр едік, "бізді сізді ГРЭС-ке аудандық бөлімшеге апара жатырмыз" деді. Қазір сол жақтамыз. Күтіп отырғаныма көп болды. Әлі шыққан жоқ. Не үшін ұстағанын түсіндірмеді, – деді Рая Көккозова.

Сол бөлімшеде кезекші болып отырған қызметкер «Азаттық» тілшісінің «Қонай Әбдиев не үшін бөлімшеге жеткізілді?» деген сұрағына жауап беруден бас тартқан«Мен ондай сұраққа жауап бере алмаймын» деп телефон тұтқасын тастай салған.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұған дейін тәуелсіз байқаушылар қысым көріп жатқаны жөнінде хабарлаған. Олардың бірлестіктері ақпараттық шабуылға ұшыраған, байқаушыларды дайындайтын тренинг өткізер кезде ғимарат таппай қиналған. Байқаушылар мұны өз жұмысына кедергі келтіру деп бағалаған.

Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, бұл ОСК-дан аккредитация талап етпейтін соңғы сайлау. Жуырда бақылаушыларды ОСК-дан аккредитация алуға міндеттейтін заң күшіне енген.

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/11/2022 08:25
24920 0

Уведомление