Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған


12/12/2023
14:58 11463 0

Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл ақпаратты 11 желтоқсанда ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады. 

– Өкінішке қарай, ондай оқиға болды. Полицейлер осындай қылмыс жасаған. Бірден тәртіптік комиссия құрылып, бұл адамдар жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс бойынша олар қамауға алынды, – деді Сәденов мәжіліс кулуарында. 

Министрдің сөзінше, полицейлер «бұл қылмысты қызметте жүріп жасаған».

Бұған дейін «НЕМолчи.kz» қорының басшысы Дина Тәңсәрі екі полицейдің 14 жастағы қызды зорлағаны жайлы хабарлап, министрліктен ақпарат сұраған. Оқиға Қонаев қаласында болған. Тәңсәрінің ақпаратынша, біреуі – кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспектор, екіншісі – полицияның ғимараттарды күзету бойынша қызметкері. 

Қарашада Талдықорғанда полиция Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен екі айға қамауға алынған. ІІМ Күштібаевтың да қамалғанын растаған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/12/2023 14:58
11463 0

Уведомление