Алматыда белсенділерді ұстау жалғасуда

Олар жаңаөзендік мұнайшыларды қолдаған


13/04/2023
13:56 18886 0

 

13 сәуірде таңертең «Халық парламентінің» мүшесі, қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы Медеу аудандық полиция басқармасына шақырылды. Кейіннен оның үстінен «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» (488-бап, 7-бөлік) бабы бойынша хаттама толтырылып, істің сотқа жіберілгені белгілі болған. 

Кейінірек, белсенді, «Халық парламентінің» тағы бір мүшесі Асылбек Қараевты полиция ұстағаны жөнінде ақпарат тарады. Ол Рысбек Сәрсенбайұлының сотына бара жатқан жерінде ұсталған. 

Бір күн бұрын Қараев өзге белсенділермен бірге Республика алаңына барып, жаңаөзендік мұнайшыларды қолдау жиынына қатысқан. 

Кеше, 12 сәуірде белсенді Әлнұр Ілияшев «Халық парламентінің» мүшелері, саясаткер Мұхтар Тайжан мен журналист Лұқпан Ахмедияров ұсталған. Тайжан мен Ахмедияров 15 тәулікке қамалған. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/04/2023 13:56
18886 0

Уведомление