Алматыда «Қазақтелеком» жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты

Азық-түлік өнімдері қымбаттаса да, еңбекақы өспей отыр дейді олар


31/01/2022
15:49 36918 0

Фото: informburo.kz

 

Алматыда «Қазақтелеком» компаниясының техбөлімінің жүзге жуық жұмысшысы ереуілге шығып, жалықыны көтеруді талап етті. Мұны Informburo хабарлайды.

 

Ереуілшілердің бірі азық-түлік қымбаттап жатса, еңбекақы өспей отыр дейді. Компания басшылығы оларға мәселені жаңа бастамашыл топ пен кәсіподақпен бірге заңнама аясында шешуді ұсынды. 

 

«Қазақтелеком» жұмысшылардың жалақысын үнемі қайта қарап отыратынын, техбөлімнің қызметкерлеріне аса назар аударытынын айтады. Олардың дерегіне сенсек, компания жұмысшыларға инфляция мен әлеумет теңсіздігі жүк болмасын деп бір рет төленетін төлемге 1 миллиард теңгеден аса жұмсаған.

Поделиться

Нет комментариев.

31/01/2022 15:49
36918 0

Уведомление