Алматы тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды

Полиция департаменті түсініктеме берді


22/06/2023
12:26 16834 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 43 жастағы ер адам «өз-өзіне қол жұмсаған». Ол «танысынан көлік ұрлады» деген күдікпен ұсталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

 

– Сараптама қорытындысы бойынша, марқұм мас болған. Жағдайдың жай-жапсары анықталып жатыр, – делінген полиция мәлімдемесінде.

 

Марқұмның аты-жөні айтылмады. Туыстары да ақпарат құралдарына ешқандай мәлімет берген жоқ. 

Поделиться

Нет комментариев.

22/06/2023 12:26
16834 0

Уведомление