Алматы әкімдігі феминистерге митинг өткізуге рұқсат бермеді


05/12/2023
11:20 11283 0

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласы әкімдігі «Феминита» ұйымына «Қазақстан әйелдері зорлыққа қарсы» атты бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеді.

«Феминита» феминистік бастамасы Алматы әкімдігіне 9 желтоқсанда Шоқан Уәлиханов алаңында бейбіт митинг өткізгісі келетінін айтып, ескерту хатын жолдаған.

– Бүгін, 4 желтоқсанда Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Аманжол Мұсаев Жанар Секербаеваға хабарласып, 9 желтоқсанда Уәлиханов алаңында кезекті жөндеу жұмыстары жүретінін айтқан. Яғни, әкімдік зорлық-зомбылыққа қарсы митингіге рұқсат бермеді, – деп мәлімдеді «Феминита» инстаграм парақшасында.

Әкімдік өкілі митинг өткізуге арналған Сарыарқа кинотеатрының маңында мәдени-қоғамдық шара жоспарланғанын айтқан. Сондықтан феминистер Махатма Ганди паркінде митинг өткізуді сұрап, әкімдікке тағы да ескерту хатын жолдаған.

Бұған дейін Алматыда билікшіл «Жаңа Адамдар» ұйымы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өткізген. Ол митингке феминистік белсенділер жіберілмегені жөнінде ақпарат тараған. 

Поделиться

Нет комментариев.

05/12/2023 11:20
11283 0

Уведомление