АЭС салуды қазақстандықтардың 47% қолдайды, 38% қарсы

DEMOSCOPE сауалнама қорытындысын жариялады


12/10/2023
17:32 13472 0

 

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы қазақстандықтар арасында атом электр станциясын салуға байланысты өткізілген сауалнама нәтижесін жариялады. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 46,6% АЭС салуды қолдап, 37,7% қарсы шыққан. 

 

– DEMOSCOPE сауалнамасының нәтижесі Қазақстанда АЭС салуға қатысты қоғам пікірі екіге жарылғанын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 46,6%  бұл бастаманы қолдайды. Оның 30,8% «әлбетте, қолдаймын»деп жауап берсе, 15,8%-і «қолдайтын сияқтымын» деп пікір білдірген. Ал 37,7% қазақстандық бұл бастамаға қарсы: 25%-і құрылыс идеясын мүлдем қолдамаса, 12,7% «қолдамайтын сияқтымын» деп жауап берген. Бір қызығы, бұл мәселеде қолдайтынын немесе қолдамайтынын нақты айтқан азаматтар саны басым, – деп жазылған сауалнама нәтижесі туралы хабарламада.

 

Сауалнама биыл 22 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Конрад Аденауэр қоры мен Рaperlab зерттеу орталығының қолдауымен жүргізілген. 

 

Зерттеу авторларының айтуынша, АЭС құрылысына қатысты халықтың пікіріне тұрғындардың бұл мәселе бойынша хабардар болу деңгейі қатты әсер етеді. Сұралғандардың 36,8% үкіметтің атом электр станциясын салу жоспары туралы ештеңе білмейтін немесе естімеген болып шыққан. 34,1% жақсы хабардар болған. 29,1% «естіген сияқтымын, бірақ егжей-тегжейлі білмеймін» деп жауап берген.

Поделиться

Нет комментариев.

12/10/2023 17:32
13472 0

Уведомление