Адвокат Алматыдағы тергеу изоляторында Қаңтар оқиғасында ұсталғандар азап көріп жатыр дейді

Қазақстанда оқиғадан кейін азаптау туралы шағымдар көбейді


21/01/2022
11:49 37262 0

Фото: tengrinews.kz

 

Адвокат Шынқуат Байжанов Алматының тергеу изоляторынада Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталғандар азап көріп жатқанын хабарлады

 

«Бүгін СИ-18-ге Қаңтардағы Қанды Қырғынға байланысты жазықсыз жалаға ұшыраған екі балаға кіріп шықтым. Коридорда аяғы ақсақтаған, балдақпен жүрген, іштен, иықтан, бастан жараланып, таңылған жастар өз адвокаттарымен кездесу үшін күтіп тұрды.Тіпті біреуін носилкамен алып келді. Ішің қан жылайды, жәудіреген көздеріне қарап шарасыздықтан ерніңді тістейсің, ал сырттай "айналайындар, шыдаңдар, еңсеңіз түспесін, бәрі жақсы болады” деп қанаттандырған боласың. Ал менің қорғауымдағы екі бала да "аға өлтіріп тұрып бірнеше күн ұрды, қан сигізді, істемегенді істедім дегізіп хаттама жасады, қол қойғызды, митингіге шыққаннан басқа жазығымыз жоқ" деп зар илеп отыр. "Дәлелдемесіз соттай алмайды, заңсыз толтырылған хаттама үкімге негіз болмайды” деп үміттендіріп кеттім. Әрине, барлық күш-жігерімді оларды ақтауға жұмсаймын, бірақ әттең...», — дейді адвокат фейсбукте. 

 

Газ митиңі мен жаппай тәртіпсіздікте ұсталғандар бірнеше рет полициядан азап көргенін, көріп жатқанын хабарлаған еді. Құқық қорғаушылар үкіметтен Қаңтар оқиғасын бейтарап, адам құқығын бұзбай зерттеуді талап етті. 

 

20 қаңтарда Еуропа парламенті Қазақстан туралы қарарында «Алматы мен өзге елді мекендердегі жоғалып кету, азаптау, негізсіз ұстап әкету, адам өлтіру, бейбіт халықты ату, ұрып-соғу» фактілеріне халықаралық қауымдастық баса назар аударуы керек екенін айтты. Бұған Қазақстанның сыртқы істер министрлігі «құжат біржақты сипатқа ие, бейтарап емес тұжырымдарға сүйенген» деп жауап берді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/01/2022 11:49
37262 0

Уведомление