Абайдағы орман өрті: Қаза тапқан тракторшы өрт құрбаны деп танылмайды

Прокуратура ол жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды деді


14/06/2023
15:35 17561 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«Семей орманы» резерватында болған өртті сөндіруге көмектесуге барған тракторшы Сергей Архипов өрт құрбандары қатарына кіргізілмейді. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің сөзінше, Архипов өрттен емес, жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған. 

 

– Сараптама қорытындысы бойынша, ол жүрек талмасынан қайтыс болған. Сол себепті ол орман шаруашылығының қайтыс болған 14 қызметкерінің қатарына кірмейді, – деді Өмірәлиев. 

 

Сергей Архипов тракторына мініп, 10 маусымда өрт сөндіруге барған. Сол уақыттан бастап ол байланысқа шықпаған. 13 маусымда полиция оның денесін өрт болған аумақтан 50 шақырым жерден тапқанын хабарлаған.

 

Полиция мәліметінше, марқұмның денесінен «зорлық-зомбылық» және «өрттен қаза болғанын көрсететінін белгілер табылмаған».  Сот-медицина сараптамасы ер адамның «жүрек жеткіліксіздігі – кардиомиопатиядан қайтыс болғанын көрсеткен».

 

Абай облысындағы орман өрті салдарынан 14 адам қаза тапқан. 12 маусым жалпұлттық аза тұту күні деп жарияланған. Премьер-министр Әлихан Смаилов қайтыс болғандардың отбасына 7 миллион, кәмелет жасына толмаған әрбір балаға 2 миллион теңге өтемақы төленетінін мәлімдеген. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/06/2023 15:35
17561 0

Уведомление