Заңгерлерден кеңес алуға болатын 7 Telegram-канал
Telegram-дағы қай каналдан заңдар туралы оқып, заңгерлерден тегін не ақылы кеңес алуға болады
Біз құқыққа қатысты біліміңізді арттыратын және тегін не ақылы заңгер кеңесін алуға болатын Telegram-каналдарды тізіп шықтық.
Блог тақырыптары әртүрлі: әкімшілік құқықбұзушылық, отбасы, жұмыстағы даулар, тұтынушы құқығы және тағы басқасы.
Сіз мұнда заңгерлерден кез келген құқығыңызға қатысты тегін кеңес ала аласыз. Ол үшін каналдағы «Юридические консультации» деген батырманы басыңыз.
Сұрақты екі тілде: қазақша және орысша қоюыңызға болады.
Каналды Әділет Шуақбаев деген заңгер жүргізеді. Ол құқыққа қатысты жаңалықтар жазып, оқырманына заңнамадағы өзгерістерді қысқаша айтып береді. Өзекті сұрақтарға жауап беріп жүр. Мысалы, 42 500 теңгені алуға өтініш беру амалдары туралы.
Авторға сұрақтарыңызды қазақша және орысша қоя аласыз. Ол үшін каналдың сипаттамасындағы поштаға өтіңіз. Консультация тегін.
Бұл каналда посттар қазақша-орысша аралас шыға береді. Тақырыптары әртүрлі — карантиндегі шектеулер, 42 500 теңгені қалай алуға болады, несиелер, тұтынушының құқығы және тағы басқа. Сонымен қатар оқырман электрон пошта арқылы авторға сұрақ қоя алады. Заңгер кеңесті тегін береді.
Аты айтып тұрғандай, канал иесі оқырман сұрақтарына тегін әрі қысқаша жауап береді. Сұрақ қою үшін блогқа қосылып (join), discuss деген батырманы басыңыз.
Посттар көбіне қазақша шығады.
Бұл канал да кез келген тақырыпта, бірақ көбіне еңбек, салық, несие, азаматтық қарым-қатынастар туралы жазады. Блогты Akhmejanov & Partners Law Firm-ді басқарушы жүргізеді. Автор алғашқы консультациясын тегін береді. Канал сипаттамасында оның Telegram-дағы парақшасының мекенжайы көрсетілген.
Каналдың бизнестегі құқық туралы жеке арнасы бар — AP-LF | business.
Жұмыс беруші мен жұмысшы құқығы туралы орысша блог. Онда сіз ереуілге қандай жағдайда шығуға болатынын және стажировка заңды ма, қызметтегі роман заңсыз ба (спойлер: оған тыйым салынбаған) деген сияқты сұрақтарға жауап таба аласыз.
Канал авторына сауал қою үшін канал сипаттамасындағы ботқа өту қажет.
Бұл канал топ чатына ұқсайды. Адамдар емін-еркін сұрақ қояды, оларға Астана (Нұр-Сұлтан) заң консультанттарының палатасы тегін жауап қайтарады. Қай тілде сауал қойсаңыз, жауап сол тілде болады.
Иллюстрация: Лейла Тапалова
Нет комментариев.