65 мың адам Таулы Қарабақтан Арменияға қоныс аударды

Бұл аймақ халқының тең жартысы


28/09/2023
15:12 14104 0

 

Армения премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Багдасариянның мәліметінше, Таулы Қарабақтан Арменияға 65 036 адам қоныс аударған. Олардың басым көпшілігі Әзірбайжанмен шектесетін Сюник облысына тұрақтаған. Осы жерде босқындарды қабылдайтын арнайы орын ашылған. 

 

Әзірбайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев Twitter-де Горустан Хангендіге медициналық эвакуация мен гуманитарлық жүк жеткізу үшін Баку халықаралық Қызыл Крест ұйымының кіруіне ешқандай кедергі жасамайтынын жазды. 

 

19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақ аумағында терроризмге қарсы арнайы әскери операция бастаған. 

 

20 қыркүйекте мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының билігі Әзірбайжан шарттарымен келіскен. Баку аймақтағы армян этносын «қайта біріктіру» бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеген. 

 

Таулы Қарабақ билігінің мәліметінше, аймақта 120 мың этникалық армян тұрған. Олардың Әзірбайжан юрисдикциясында өмір сүргісі келмегендіктен аймақтан көшетіні айтылған. 

 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұған дейін Армения Таулы Қарабақтың 40 мың тұрғынын қабылдауға дайын деп мәлімдеген. Пашинян Әзербайжан билігін «халықты ұлтына қарай бөліп, қудалады» деп айыптаған.  

 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы жойылады. Тиісті құжатқа аймақ басшысы Самвел Шахраманян қол қойған. Құжат бойынша, Таулы Қарабақтағы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар таратылады. 

 

Таулы Қарабақ тұрғындарна Әзірбайжан тарабынан реинтеграция шарттарымен танысу ұсынылған. Ол бойынша аймақта қалу немесе қалмауды халықтың өзі шешеді. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/09/2023 15:12
14104 0

Уведомление