Популярные тэги

№47: Трамп билікке қалай қайтып келді, АҚШ-та сайлауға түсуге қанша қаржы керек

Астана уақытымен бүгін кешкі 22.00-де АҚШ-та Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтеді.


20/01/2025
20:42 199 0

Сурет AP news

 

Сөйтіп, ол ресми түрде Американың 47-ші президенті атанады.

 


 

Трамп билікке қалай қайтып оралды. 10 жыл бұрын ол қандай болып еді. Осы жөнінде журналист, Michigan State University түлегі Жолдас Өрісбай өз пікірін білдірді.

 

«Трамп Америка қоғамындағы қордаланған мәселелерді көтеріп, соларға шешім ұсынамын деп, популистік уәделерінің арқасында танымал болып кетті. 2015 жылы Дональд Трамп президенттік сайлауға кандидат болып қатыса бастаған кезде кәдімгідей журналистер оны керек қылмайтын. Мысалға, Дональд Трамптың қасында оның промоутері болып жүрген бір азамат бар. Ол оңшыл радикалды медиа ресурстың басшысы. Сол азамат республикалықтардың праймериздегі дебаты болған кезде, The NewYork Times-тің сайлауды науқанды бақылап, сол туралы жазып жүрген журналистке хабарласып, "Мен саған Дональд Трампты оңашаға шығарып, рұқсат алып берейін, сұқбат алғың келсе" дегенде, "Сен мені күлкі етіп жатсың ба, мен не істеймін одан сұқбат алып..." деп айтқан екен.

Журналист сол кезде Дональд Трамп кәдімгідей аутсайдер болғанын айтады.

«Қазір сіз Дональд Трампты солай елестете аласыз ба? Ол әлемдік шешімдерге ықпал етейін деп жатыр. Көп нәрсеге өзгеріс енгізіп жіберу ықтималдығы бар. Бұның бәрі популизмнің салдары. Америкалықтар мұны ажыратады, ажырата алмайды деп айту қиын, негізі бұл сұрақты былай қарастырсақ болады. Қоғамда шешілмей келе жатқан нәрселерді алға тартып, Вашингтонда отырған саяси истеблишмент сізге ол мәселені шешіп бере алмайды. Мен аутсайдер болып, сізге барып, бизнесті қалай реттедім, солай саясатты да реттеймін деген көзқараспен популистік уәделерді берген Трамп жеңіп кеттій», - дейді ол.

Сондай ақ, Илон Маск не үшін танымал болып кеткеніне тоқталды.

«Илон Маск, Дональд Трампты қасында жүріп,  биліктегі бюрократияның жоям дегеннен кейін ол да бірден танымал болып кетті. Себебі, адамдар оның  бизнесті қалай реттеп отырғанын, бес-алты үлкен компанияны басқарып отыр. Үкіметке барса артық шығындарды дәл солай жойып тастай алады деген көзқараспен оған да сенім артып отыр», - дейді Ж. Өрісбай.

Сондай ақ, шолушы популизм дегеніміз  не деген сұраққа жауап берді.

«Популизм  - біз және олар деген көзқарастан қалыптасады. Популистік аргументтерді айтатын,  уәде беретін азамат өзін қарапайым халықпен байланыстыруға тырысады. Мен қарапайым халықтың ішінен шықтым, мен сендерді тыңдадым, сендердің мәселелеріңді көтеремін және оны истеблишмент алдына шығып, олардың үстінен жоғарыға шығып6 мәселелерді шешуге тырысамын деген уәделерді береді»,- дейді журналист.

Айтуынша, Дональд Трамп қаншалықты ауқатты отбасынан шықса да, өзін қарапайым халықпен байланыстыруға тырысқан.

«Дональд Трамптың Нью-йоркте өткізген үлкен жиынында Коста-Рика аралын бір азамат (Трамптың жақиасы- ред.) - "қоқыс аралы" деп атаған. Соны естіген Джо Байден Дональд Трампты қолдайтындар -  "қоқыс" деп сөздің арасында айтып қалды. Ал оған Дональд Трамп реакция танытты да, қоқыс жинаушының киімін киіп алып, қоқыс тастайтын үлкен камазға мініп, журналистерді шақырып алып, комментарий берді. Осылай "мен қарапайым халықтың жағындамын, олар қоқыс жинаса да, америкалықтар" деп өзінің имиджі үшін жұмыс істеді. Камала Харрис те "мен қарапайым отбасынан шыққан иммигрант әйелдің қызымын, бала кезімізде қиналдық, 16 жасымда McDonalds-та жұмыс істедім" деп өзін қарапайым халықтың өкілі ретінде көрсетуге тырысып, үлкен уәделерді беру - популизм деп аталады», - дейді журналист.

Ж.Өрісбай біз демократия ұстыны санайтын Америкада саясатқа ауқатты азаматтардың ықпалы көп деп есептейді.

«Өкінішке қарай, сіз америкалық қоғамда сайлауға түскіңіз келсе, сізге қомақты қаражат керек. Мысалға, қазіргі  президенттік сайлауға бір миллиард доллар, не одан да көп қаражат жұмсап жатады. Бір миллиардты жинау үшін, тек қарапайым халықтан ғана сұрап қана қоймай, ауқатты адамдардан, миллиардерлерден де, солардың қорларынан сұратуға тура келеді. Ал олар мүдделі болуға тырысады.  Яғни, біз сізге қазір көмектесейік, одан кейін сізде біздің бір мәселемізді шешіп бересіз деген сияқты бейресми келіссөздер жүруі мүмкін. Сондықтан  жеке корпорациялардың ықпалы жоқ деп айта алмаймыз, белгілі бір деңгейде бар. Трамптың да билікке келгенде үлкен бизнеске салықты төмендетемін дегені америкалық корпорацияларға өте тиімді болып тұр. Бірақ ашық қоғам стандарты әлдеқайда жақсы», - дейді шолушы.

Өрісбай осы тұрғыда қызық мысал келтірді.

«Мысалы, бір жерде жеке мүддесіне бағытталған саяси шешімдер қабылданып жатса, оған журналистер бірден назар аударады. Ол ақпаратты этика тұрғысынан дұрыс емес деп қабылдаған биліктің ішіндегі азаматтар, анонимді түрде болса да ақпараттың шығуына өз үлесін қосады.  Журналистерге ақпаратты береді, кейін қоғам оған дүрліксе, талқыласа, әйтеуір бір демократиялық үдерістерді көріп жатырмыз», - деп түйіндеді ойын.

Поделиться

Нет комментариев.

20/01/2025 20:42
199 0

Уведомление