2037 жылға дейінгі шексіз билік: Шавкат Мирзиеев тағы да президент болып сайланды

Өзбекстанда президент сайлауы өтті


10/07/2023
14:41 16508 0

 

 

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев президент сайлауында жеңіске жетті. Бұл жөнінде Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев мәлімдеді. 

 

– Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы мен Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясының үміткері Шавкат Миромонұлы Мирзиеев сайлаушылардың ең көп – 87,05 пайыз дауысын жинап, айқын жеңіске жетіп, Өзбекстан Республикасының президенті болып сайланды, – деді Низамходжаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында. 

 

Шавкат Мирзиеевтан өзге кандидаттар – Жоғарғы сот төрағасы, «Әділет» социал-демократиялық партиясынан сайлауға түскен Робахон Махмудов 4,43%, Халықтық демократиялық партия көшбасшысы Ұлықбек Иноятов 4,02%, Экологиялық партия жетекшісі Абдушүкір Хамзаев 3,74%  дауыс жинаған. 

 

Бұл сайлау Өзбекстан конституциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін өтіп отырған алғашқы президент сайлауы. Бұдан былай президенттің өкілеттік мерзімі бес жыл емес, жеті жыл болады. Шавкат Мирзиеев заң бойынша келесі сайлауға да қатыса алады. Ол Конституцияны өзгерту арқылы осыған дейінгі президенттік мерзімінің күшін жойған. Тәуелсіз сарапшылар Мирзиеев 2037 жылға дейін билік басында отыруды көздеуде деген болжамдар айтуда. 

 

Конституцияға өзгерістер енгізу кезінде Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстан автономиялық Республикасында халықтық толқулар болып, билік оны күшпен басқан. Салдарынан ресми дерек бойынша 18 адам қаза тауып, 243 адам жарақат алған. Қарақалпақ халқы Қарақалпақстанды автономиялық Республика мәртебесінен айыратын өзгеріске қарсы шыққан. Кейіннен Шавкат Мирзиеев автономияға қатысты баптарға өзгеріс енгізілмейтінін мәлімдеген. 

 

Шавкат Мирзиеев билік басына Ислам Кәрімов (Өзбекстанның тұңғыш президенті) қайтыс болғаннан кейін келген. Ол 2016 жылы өткен президент сайлауында 88,6% , 2021 жылғы сайлауда 80,1% дауыс жинаған. 

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/07/2023 14:41
16508 0

Уведомление