15 адамды өлтірді деп сотталған Челах Арқанкергенде не болғанын айтуға дайын

Қалай болғанын айтқым келеді және бәрін айтуға дайынмын


21/12/2022
10:47 23665 0

 

Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деп айыпталып, 2012 жылы өмір бойына сотталған Владислав Челах президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Онда ол мемлекет басшысынан қайта тергеу өткізіп, өзінен «жалғыз куәгер ретінде» жауап алуды сұраған. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады. 

 

– Құрметті президент, көп жыл өтсе де қайғылы оқиға жайлы қайта айтуға дайынмын. Менің бар сұрарым, мені тыңдап, маған мүмкіндік берсеңіздер. Қалай болғанын айтқым келеді және бәрін айтуға дайынмын. Тергеушілерге де бәрін айтуға дайынмын. Оқиғаның қалай болғаны сол күйі ашылмай қалды, – делінген Челах хатында. 

 

Владислав Челах хатында шекара бекетіне «шабуыл жасалғаны» жөнінде жазған. Ол сот кезінде де осы нұсқаны айтқан. Бірақ сот оның уәжін қарастырмаған. 

 

2012 жылы 30 мамырда Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекетінің өртенген орнынан 14 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылған. Тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челахтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, 2012 жылғы желтоқсанда сот оны өмір бойы бас бостандығынан айырған.

Челахқа Қылмыстық кодекстің «Екі және одан көп адамды өлтіру»«Жеке заттарды ұрлау», «Құпия құжаттарды ұрлау»«Қару ұрлау» және «Заңсыз қару ұстап жүру» тәрізді барлығы тоғыз бап бойынша айып тағылған.

2017 жылы қарашада БҰҰ-ның Адам құқығы комитеті Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабын бұзып, Челахты өз ісін «әділ және бейтарап сотта қарау құқығынан айырды»деген ұйғарым шығарған. Комитетке шағымды оның адвокаты Серік Сәрсенов (ол 2018 жылы наурызда қайтыс болған) дайындаған.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/12/2022 10:47
23665 0

Уведомление