Түркия армян қырғынын тағы жоққа шығарды

Түркия Жо Байденнің армян геноциді туралы мәлімдесіне пікір айтты


26/04/2021
11:37 42529 0

Фото: eadaily.com

Түркия президент Жо Байденнің «Осман империясындағы армян геноциді болды» деген мәлімдемесіне жауап берді. 

24 сәуірде АҚШ президенті Жо Байден XX ғасырда Осман империясындағы армяндарды жаппай өлтіру мен депортациялауды геноцид деп таныған еді. Бұған жауап ретінде Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушолу «популизмге ғана сүйеніп жасалған бұл мәлімдемені толықтай жоққа шығарамыз» деп мәлімдеді.

«Басқалардан өткеніміз туралы үйренер ешнәрсе жоқ» деп жазды ол Twitter парақшасында.  

Ал осы аралықта АҚШ-тағы армяндар Түркия консулдығының алдына жиналып, Байденге қолдау білдірді. Байден — армяндар қырғынын геноцид деп таныған алғашқы АҚШ президенті. Биыл АҚШ Қытайдың ұйғырлар мен қазақтарға қатысты саясатын да геноцид деп атаған.

ХХ ғасырдың басында Осман империясында 1 миллионға жуық армян қырылып қалған еді. Кей саясаткер мен зерттеуші мұны геноцид деп біледі. Түркия ешқандай қырғын болмады дейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

26/04/2021 11:37
42529 0

Уведомление