Тоқаев Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты

Бұрын комитет Әбіш еңбек демалысында деп хабарлаған еді


17/01/2022
12:36 37458 0

Фото: inbusiness.kz

 

Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай үкім шығарды

 

Бұрын Orda.kz дереккөздеріне сүйеніп Әбіш қызметінен қуылды деп жазған еді. Бірақ бұл қате ақпарат болып шықты. 

 

Кейін комитет бірінші орынбасар 13 қаңтарда еңбек демалысына шықты деп хабарлады. 

 

Самат Әбіш — бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Газ митиңі мен жаппай тәртіпсіздіктен кейін экс-президенттің туыстары біртіндеп қызметінен кете бастады

 

Бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті қандай орган екенін, мемлекеттен қанша ақша алып отырғанын жазған едік. Оқи отырыңыз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/01/2022 12:36
37458 0

Уведомление