Қордайдағы ұлтаралық жанжалға қатысты істің үкімі жарияланды

50 адам сотталды


27/04/2021
17:06 43769 0

Фото: matritca.kz

Тараз соты Қордайда 2020 жылғы ақпанда болған жаппай тәртіпсіздік пен ұлтаралық қақтығысқа қатысты істерді қорытындылады. «Азаттық Радиосы» 51 айыпталушыға қатысты үкімі шықты дейді.

Оларға «Жаппай тәртіпсіздік», «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», «Қорқытып алу», «Қарақшылық» және «Адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылды. Айыпталушыларды 60 жуық адвокат қорғады

 

51 сотталушының біреуі ақталып шықты. Жұмахан Ботабасов есімді азамат 20 жылға түрмеге (осы істегі ең үлкен жаза) қамалды. Оған адам өлтірді және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылды.  

 

2020 жылғы 7–8 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи, Ауқатты, Сартөбе және Бұлан-Батыр ауылдарында дүнген мен қазақ арасында қақтығыс болып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оған 300-ге жуық азамат қатысып, 11 адам қаза тапты.  

 

Жүзден адам, соның ішінде 19 полиция қызметкері жарақат алды. 20 мыңнан астам азамат, көбіне дүнгендер үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды.

Осыдан кейін көп адам ұлтаралық жанжалдарды болдырмау үшін құрылған Қазақстан халқы ассамблеясын қатты сынға алды. Бұл органның не екенін және нақты немен айналысып отырғанын мына жерден біліңіз. 

Поделиться

Нет комментариев.

27/04/2021 17:06
43769 0

Уведомление