Халықаралық сот бұрынғы генерал Ратко Младичке берілген түрме жазасын сол күйі қалдырды

Младич геноцид, адамзатқа қарсы қылмыс жасады, соғыс заңын бұзды деп айыпталған еді


09/06/2021
11:05 37216 0

Фото: novayagazeta.ru

 

Халықаралық соттың апелляция палатасы бұрынғы Босния генералы Ратко Младичке шығарылған өмір бойы түрме жазасын сол күйі қалдырды.

 

Ратко Младич 2017 жылы геноцид, адамзатқа қарсы қылмыс, соғыс заңын бұзды деп өмір бойына сотталған еді. Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибунал оған 1995 жылы Сребреницада 7 мыңнан астам Босния мұсылманын қырды, тұтқындар мен кепіл ретінде қамалған БҰҰ бітімгерлерін азаптады деген айыптар тағылды. 

 

Младич ешбір айыпты мойындамай, 2018 жылы апелляциялық шағым түсірді. 2020 жылы іс қайтадан қозғалып, биылғы 8 маусымға дейін жалғасты. 

 

1992–1995 жылы Босния мен Херцеговинада болған азаматтық соғыста Ратко Младич Босния серб әскерін басқарған. 1996 жылы оған халықаралық іздеу жарияланып, ол 2011 жылы ұсталды. 

 

«Балқан қасапшысы» аталып кеткен бұрынғы әскери ұлтына қарап адам қырмадым, тек отан мүддесін қорғадым дейді. Босния мен Сербияда оны қаһарман көретіндер көп. 

 

Біз бұрын халықаралық сот не екенін, бізге не үшін қажет екенін жазғанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

09/06/2021 11:05
37216 0

Уведомление