Канада парламенті: Қытай Шыңжаңдағы ұйғырлар мен қазақтарға геноцид жасап отыр

Депутаттар Пекинде өтетін қысқы олимпиадаға бойкот жариялады


24/02/2021
10:46 41144 0

Фото: rt.com

 

Канада парламентінің төменгі палатасы — Өкілдер палатасы Қытайды Шыңжаңдағы ұйғырлар, қазақтар мен басқа да мұсылман азшылықтарын қудалап, геноцид жасап отыр деп айыптады. Мұны CNN хабарлады.

 

Осы құжатты палата депутаттары бір ауыздан мақұлдаған. Одан бөлек, олар 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы олимпиаданы басқа елде өткізу қажет деп дауыс берді. 

 

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының дерегінше, Қытай Шыңжаң аймағында бір миллиондай этникалық ұйғыр, қазақ, қырғызды лагерьлерде ұстап отыр. Ел билігі осылай «экстрмизге бейім адамдарды қайта тәрбиелеп жатырмыз» дейді. 

 

20 қаңтарда АҚШ Пекиннің осы саясатын геноцид деп таныған бірінші мемлекет болды. 23 ақпанда Қытай бұл айыпты жоққа шығарды.

 

Біз бұрын осы лагерьлердің бірінде отырып шыққан этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдан сұхбат алғанбыз. Ол бізге онда не көргенін, қалай Қазақстанға қашып, пана сұрағанын, Швециядағы қазіргі өмірін баяндап берді. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

24/02/2021 10:46
41144 0

Уведомление